Командаға қойылатын талаптар.

•   Қазақстанның кез келген мектебінен 8–12 сынып оқушылары бола алады.


•    Команда өз ішінен капитанды таңдауы керек — ол команданы тіркейді, тапсырмаларды жібереді және ұйымдастырушылармен байланысқа шығады


•    Команда мүшелері бір мектептен немесе әртүрлі мектептерден болуы мүмкін, бірақ бұл жағдай алдын ала ұйымдастырушылармен келісілген болуы қажет.


•   Олимпиада кезінде көшіру, ұялы телефондарды, анықтамалық құралдарды немесе ұйымдастырушылар рұқсат етпеген кез келген электронды құрылғыларды қолдануға қатаң тыйым салынады.


•   Егер команда мүшелерінің бірі ережені бұзса, бүкіл команда жарыстан шеттетілуі мүмкін.

Бірінші кезең.

Олимпиаданың бірінші кезеңі онлайн форматта өтеді және екі турдан тұрады.


Бірінші турда командаларға 6–7 пәнаралық есеп беріледі. Бұл есептер математика, физика, химия және биология пәндерінің элементтерін біріктіреді. Есептерді шешу үшін командалық жұмыс қажет: қатысушылар есептерді бірге талқылап, рөлдерді бөлісіп, ғылыми тұрғыдан дұрыс шешім табуы тиіс. Бұл турға 3 сағат уақыт беріледі. Тапсырмаларды арнайы платформа арқылы тек команда капитаны жібереді.


Екінші тур — бұл кейстік тапсырма. Команда тапсырманы тур басталардан екі күн бұрын алады. Қатысушылар мәселені зерттеп, ғылыми деректер жинап, жазбаша түрде жұмысын дайындайды. Жауап PDF немесе DOCX форматында беріледі. Жұмыстар онлайн форматта сарапшылар алқасы арқылы бағаланады. Бұл кезең бойынша апелляция қарастырылмаған.

Екінші кезең.

Финалдық кезең Алматы қаласында, Қазақ-Британ техникалық университетінің базасында офлайн форматта өтеді. Бұл кезеңге онлайн іріктеуден өткен командалар ғана қатыса алады. Финал да екі турдан тұрады.


Бірінші турда командалар 8 күрделі пәнаралық есеп шешеді. Бұл тапсырмалар бірнеше пәннің элементтерін қамтиды, және оларды сәтті шешу үшін команда өзара түсіністікпен, тиімді ынтымақтастықта жұмыс істеуі қажет. Есептерді шешуге 4–5 сағат уақыт беріледі. Егер нәтиже бойынша келіспеушілік болса, команда капитаны нәтиже жарияланғаннан кейін 5 сағат ішінде апелляция бере алады. Апелляциялар офлайн түрде, қазылар алқасының қатысуымен қаралады.

Кейс-стади.

Финалдық кезеңнің екінші туры — бұл кейс-стади, яғни ғылыми-инженерлік зерттеу. Финал басталардан бір апта бұрын командаларға екі кейс ұсынылады: біреуі — ғылым, екіншісі — инженерия тақырыбында. Командалар ұсынылған мәселені зерттеп, ғылыми ақпарат жинап, талдау жасап, дәлелденген шешім ұсынуы қажет.


Жұмыс 40 бетке дейінгі көлемде жазбаша түрде дайындалады. Құжаттың құрылымына: титул парағы, мазмұны, кіріспе, шешім стратегиясы, қорытынды және APA 7 форматына сәйкес әдебиеттер тізімі кіреді. Мәтіннің түпнұсқалығы кемінде 70%, ал жасанды интеллект арқылы жазылған мәтін 20%-дан аспауы керек. Қосымша ретінде, командалар өз шешімдерін қазылар алқасына таныстырады, сұрақтарға жауап береді. Бағалау кезінде ғылыми негізділік, ойдың қисындылығы, презентация сапасы және талдау тереңдігі ескеріледі. Бұл формат қатысушыларға нақты ғылыми және инженерлік мәселелермен жұмыс істеу тәжірибесін береді, сондай-ақ зерттеу мен жобалық дағдыларын дамытады.

Негізгі күндер.

2025 жылғы 10 сәуір – 9 мамыр — командаларды олимпиадаға тіркеу 


2025 жылғы 17–18 мамыр — онлайн іріктеу кезеңі (екі тур: олимпиада және кейс)


Басқа күндер расталуы керек.